Алматыда «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өтуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындары өтуде

«Жас ұлан» әскери-спорттық ойындары жас ұрпақтың сана-сезімін жетілдіру, саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы жастардың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында өтті.null

Ұйымдастырылып отырған іс-шараға Алматы қаласы аудандарының «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының аудандық жеңімпаздары қатысады.

«Жас ұлан» әскери ойындары шарасы екінші жыл өткізілуде. Әр жылы аудандарда мектепаралық іріктеу жүргізіледі. Ең жақсы нәтижеге жеткен команда қалалық ойындарға өтеді. Осы сайыста жеңіске жеткен команда Алматы қаласының атынан республикалық байқауға аттанады. Республикалық байқауда бірінші орын алсақ, біздің жасап жатқан еңбегіміздің зая кетпегені деп түсінеміз. Сайысқа келіп отырған балалар көптеген әскери клубтарға қатысады. Ол жақта әскери мамандар балаларды автоматпен, басқа да құрылғылармен қолдануды, ептілік пен батылдыққа үйретеді», - деді Алматы «№1 Оқушылар үйі» директоры Дәуірхан Қожахметов.null

Жастар екі күн ішінде тарихи зерттеу жобасын қорғап, саптардың көрінісі, атыс даярлығы, әскери кросс, турникке тартылу, денені жерден көтеріп түсіру (отжимание), жүзу (эстафета) бойынша бақ сынайды.

«Бұл екі күн ғана болса да, оның ар жағында үлкен еңбек бар. Мәселен, іріктеу кезін біз қыста жүргіземіз, оған екі айдай уақыт кетеді. Бұрын байқауымыздың аты «Алау», «Айбын» деп аталса, қазір «Жас Ұлан» деп аталды. Аты өзгергенмен, сайыс - дәстүрлі түрде өтетін әскери ойын. Әскери қызмет мемлекеттік қызметтің ішіндегі ең ерекшесі. Сондықтан, осындай үлкен масштабтағы ойындар жүргізу арқылы еліміздің азаматтарына мотивация сыйлаймыз», - деді Білім басқармасының алғашқы әскери дайындық жөніндегі қалалық әдістемелік комитетінің әдіскері, майор Қадырбек Ибраимов.

Топ жарған үздіктер ертең белгілі болады.null null null

null