Алматыда жас зерттеушілер форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда "Қазақ прозасындағы әйел тағдыры" деген тақырыпта  жас зерттеушілер форумы өтіп жатыр.
None
None

Оны ұйымдастырған Әл-Фараби  атындағы Қазақ  ұлттық  университеті  филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында құрылған  "Ай-Ару" рухани-танымдық университетінің студент-қыздар орталығы.

Бұл форум  республикадағы жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттері арасында өткізілуде. Онда қазақ прозасындағы әйел тағдыры, авторлық ұстаным, образ шынайылығы, кезең шындығы, жанрлық көркемдік сипаттар тұрғысында ғылыми баяндамалар жасалады. Сондай-ақ тақырып бағытында дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылып, зияткерлік сайыс өтеді. Оған белгілі  қаламгерлер, әдебиеттанушы ғалымдар, әдебиет сыншылары мен  жоғары мектеп оқытушылары төрағалық жасайды. Форум соңында М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі бойынша түсірілген «Күнә» фильмі көрсетіледі», - дейді «Ай-Ару» рухани-танымдық студент-қыздар орталығының баспасөз хатшысы Салтанат Балтабай.

Соңғы жаңалықтар