Алматыда жасанды тыныс алу аппараты жеткілікті - әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы ауруханаларында жасанды тыныс алу аппараты жеткілікті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жасанды тыныс алу аппараты жеткілікті - әкімдік

«Жасанды тыныс алу аппаратына қатысты айтарым қазір бұл аппараттар қаладағы медициналық ұйымдарда жеткілікті. Қалалық емханаларда - 479, республикалық ұйымдарда 100-ден астам жасанды тыныс алу аппараты бар», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматы қаласында – 19 адам

Еске сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша Алматы қаласында – 19 адам коронавирус жұқтырған адам тіркелген.