Алматыда жасөспірім мектеп ауласында асылып қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда итімен серуенге шыққан жасөсіпірім асылулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 жастағы жасөсіпірім асылулы күйінде 6 наурыз күні таңертең «Орбита–3» ықшамауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылды.
Алматы қалалық ПД хабарлауынша, бұл факті ҚР ҚК-нің 105–бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.
«Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қарау кезінде 2003 жылы туған З. денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»,– деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.