Алматыда «Жасөспірім жол инспекторы» атты оқушылар арасындағы дәстүрлі слет өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілясұлы/ - Алматыда соңғы үш айдың ішінде 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен болған жол апаттары көбейіп отыр.

Алматыда «Жасөспірім  жол инспекторы» атты оқушылар арасындағы дәстүрлі слет өтіп жатыр
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Жасөспірім жол инспекторы» атты оқушылар слеті барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы мақсатта балаларға жолда жүру ережелерін насихаттау, жарақат алу жағдайының алдын алу бағытында «Жасөспірім жол инспекторы» атты оқушылар слеті ұйымдастырылған. «Бұл шара республикалық деңгейде әр облыста өткізіледі. Бүгінгі шараға Алматы қаласының 7 ауданынан 7 команда, яғни 70 оқушы қатысып отыр. Бүгін жеңімпаз атанған оқушылар Өскемен қаласында өтетін Республикалық слетке қатысады. 1973 жылдан бері 36 жыл бойы үздіксіз жалғасып келе жатқан бұл шара болашақта да белсенді түрде жалғасын таба береді», дейді қалалық жол полициясы басқармасы БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімшесінің инспекторы аға лейтенант Күзембаева Жұлдызай.