Алматыда жасөспірімдер арасында еркін күрестен жарыс өтуде

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматы қаласындағы №169 орта мектепте Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына арналған Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің кубогы жолында жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудандық ашық жарыс өтуде.
None
None

Жарыстың мақсаты жасөспірімдердің спорттық шеберлік деңгейін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, жоғарғы дәрежелі спортшыларды айқындау.

Жарыстың жеңімпаздарына Алматы қаласы Алатау әкімдігінің арнайы әзірленген жүлделері табыс етілмек.

Соңғы жаңалықтар