Алматыда жасөспірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан біріншілік басталды

АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда жасөспірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан Mega Ice клубының алғашқы біріншілігі басталды.

Алматыда жасөспірімдер арасында  конькимен мәнерлеп сырғанаудан  біріншілік басталды

Оған Ақтау, Алматы, Ақтөбе, қалаларының, сонымен қатар Ташкенттен келген 65-тен аса жас спортшылар қатысуда.

«Mega Ice клубы жарысты бірінші рет өткізіп отыр. Біріншілікке клубтың басқа қалалардағы мүшелері қатысуда. Олардың қатарында кәсіпқой және әуесқой спортшылар бар. «Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз - салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде конькимен мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, жасөспірімдерді спортқа баулу болып табылады. Біз бұл бәсекені өткізе отырып, клубтың ең мықты спортшысын анықтамақпыз. Жарыс үш күн өтеді, онда 5-тен 12 жасқа дейінгі спортшылар жеңіс үшін күресетін болады»,-дейді жарыстың бас қазысы, жеке сырғанаудан ҚР чемпионы Надежда Парецкая.