Алматыда жасөспірімдер арасында ЖҚТБ туралы мәліметтерді кеңінен таратуға арналған жоба аяқталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Еуропалық Одақтың Қарағанды, Алматы және Теміртау қалаларындағы түзеу және басқа да мемлекеттік әлеуметтік мекемелердегі жасөспірімдер арасында ЖҚТБ туралы мәліметтерді кеңінен таратуға арналған "Өмірдің құндылығы" атты жоба аяқталды.

Алматыда жасөспірімдер арасында ЖҚТБ туралы мәліметтерді кеңінен таратуға арналған жоба аяқталды

Бұл туралы бүгін Алматыда "Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2008 жылы басталған екі жылдық жоба Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен іске асты. Оған 98 мың еуро бөлінген болатын. Шараның мақсаты - балалар үйінің, интернаттардың және түзеу мекемелеріндегі тәрбиеленушілерге ЖҚТБ-ның жұқпалылығы туралы толыққанды мәлімет беріп, бұл дерттің санын азайту болып табылады.

«Жобаның ерекшелігі, мұғалімдер мен тәрбиешілер жаңаша оқу модулімен, қауіпті дерттің алдын алуда ерекше тәсілді қолдана отырып, жасөспірімдерге өмірдің құндылығын түсіндіреді», дейді Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің директоры Сильвия Гальбьяти.

«Бағдарлама аясында 137 тәрбиешілер мен мұғалімдер оқып шықты. Олардың қатарында «AVSI» итальяндық қорының және «Fundatia Dezvoltarea Popoarelor» румыниялық ұйымның халықаралық өкілдері бар», деді жобаның үйлестірушісі Жанар Оспанова. Оның айтуынша, нақты тақырыптар бойынша семинарлар мен пікірталас топтарына 278 жасөспірім қатысқан.