Алматыда жасөспірімдер ҰОС-ның ардагерлерімен кездесу өткізді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен "Болашақ" демалыс орталығының жасөспірімдері ҰОС-ның ардагерлерімен кездесу өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдерге Жеңістің биік мән-мағынасын түсіндіру, ардагерлердің ерлігін насихаттау болып табылады», дейді ұйымдастырушылар.
Кездесу барысында мерекелік концерт ұйымдастырылып, футболдан жарыс өтті. Сонымен қатар, ардагерлерге арналған мерекелік дастархан жайылды.