Алматыда жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер көлікпен баланы қағып кеткен жүргізушіні іздеуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Қаланың ІІД жергілікті полиция қызметінің деректеріне сәйкес апат кеше, 22 ақпанда кешкі 7-00-дер шамасында орын алған. Жүргізушісі (қошқыл-қоңыр түсті 626 үлгісіндегі «Мазда» маркалы көлік болуы мүмкін) Тәуелсіздік көшесі бойында келе жатып, №185 мектепке қарсы жолда 8 жасар қызды басып кетті. Жасөспірім алған жарақаттың салдарынан көз жұмды, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті.

«Қыздың жанында анасы болған. Әйел көлік маркасы мен нөмірін есте сақтай алмаған. Соталды тергеу жүріп жатыр. Жедел іздеу шарасын біздің бөлімше қызметкерлері жүргізуде», - деп хабарлады ІІД жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Полиция апатты куәгерлері болған жағдайда мына телефондарға хабарласуын сұрайды 8-707-222-88-87 және 8-707-599-09-11.

Соңғы жаңалықтар