Алматыда жастар акциясы өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қыркүйектің 15-і күні «Жаса, менің Қазақстаным! Біз сенің патриотыңбыз!» атты жастар акциясы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰАУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның өтуіне ҚазҰАУ-нің белсенді студенттері мен жастар әкімшілігі мұрындық болып отыр. Оған «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері және «Жасыл ел» студенттері мен СҚЖ қатысады деп күтілуде. Шараның басты қаһармандары ҚазҰАУ студенттері алдында жастар патриотизмінің қоғам дамуындағы үлесі мен жастардың болашақ алдындағы жауапкершіліктері туралы баяндамалар жасайтын болады.

Сонымен қатар, акцияға «Нұр Отан» ХДП-ның Медеу аудандық бөлімше бастығының орынбасары Алмас Нұғманов қатысады. Шара барысында университеттің «Гүлбану» ансамблі өзінің «Халықтар достығы» композициясынан үздік туындылар орындайды. Сонымен бірге, университеттің көпке танымал хоры да достық пен туыстық жайындағы ең үздік әндерін орындайтын болады.

Соңғы жаңалықтар