Алматыда жастар жаппай төбелесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жастардың жаппай төбелескені туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.
Полицияның мәліметінше, оқиға 30 қазан күні таңғы сағат 9:00 шамасында болды. Қазір төбелеске қатысушылар ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша жанжал бір-бірін танитын жастар арасында болған. Оған себеп - жігіттердің бірі мен оның сүйіктісінің арасындағы ұрыс.
«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне тергеу органдары заңды бағасын беретін болады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: t.me/kris_p_almaty_official