Алматыда жастардың спорттық акциясы өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ертең Алматыда жастарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір қалыптастыруға үндейтін «Жастар таңдауы - спорт пен денсаулық!» атты акция өтеді.

Алматыда жастардың спорттық акциясы өтеді

Шараға қаланың спорт мектептері, Досуг орталықтары және спорт клубтары қатысады. Акция осымен екінші жыл қатарынан өткелі отыр және жастарға Алматының жетекші ұйымдарымен танысуға, сондай-ақ, өзіне спорттық хобби таңдауына мүмкіндік береді.

Акцияға жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина мен Қазақстан футбол қауымдастығының экс-президенті, «Қайрат» ФК-ның даңқты қақпашысы Құралбек Ордабаев қонақ ретінде келеді деп күтілуде.