Алматыда жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті

АТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда жексенбі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында Астана алаңында Халықаралық мәдени даму күніне орай, жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті.

Алматыда  жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті

Фестиваль барысында граффити, хип-хоп биі бойынша сайыстар және рэп-концерті ұйымдастырылып, атақты ресейлік «Т9» тобының өнері тамашаланды.

Байқауларға қала жастары мен қонақтары қатысты. Аталмыш шара «JAStar» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты - жастар субмәдениеттері арасындағы диалогты қалыптастыру, жастардың ынтымақтастығын күшейтіп, салауатты өмір салтын дәріптеу.