Алматыда «Жасыл жапырақ» атты акция өтуде

АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Аталған шараға қатысушылар 500 түп тал көшеттерін отырғызбақ.
None
None

Шараға «Жасыл ел» қоғамдық бірлестігінің белсенділері, бастамашыл топтар, ЖОО студенттері мен қаланың түрлі мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысуда. Бұл акция 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп отыр.

Алматы қаласы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдаланушыларды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, отырғызылған көшеттерді бағып-күту арнайы дайындалған ұйымдармен күшейтілмек. 2011 жылы Алматыда 27 мың түп тал отырғызу жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу аясында бюджет қаржысына 2011 жылы 20 491 түп тал отырғызылады деп күтілуде. Жалпы 174,5 млн теңгеге 2716 жапырақты, 1365 қылқан жапырақты және 16410 бұталар отырғызылмақ.

Жыл басынан бері қалада 4870 көшет, олардың басым бөлігі Наурыз мейрамы кезінде отырғызылған. Тіптен бір күннің ішінде 2624 жапырақты тал көшеттері отырғызылыпты. Оған қаланың 10 мыңнан аса тұрғыны қатысқан. Мәселен, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына 100 тянь-шань шыршасы отырғызылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум