Алматыда жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 15 сәуірден бастап жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық және химиялық әдістермен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әкімдік таратқан мәліметіке сәйкес, Тұңғыш Президент саябағының аумағында, әл-Фараби даңғылының бойында Розыбакиев көшесінен Н. Назарбаевқа дейін, Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының алдындағы скверде (батыс және шығыс жақтары), Южный саябағында, орталық саябақта, 28-ші панфиловшылар саябағында, Д. Қонаев скверінде, С. Сейфуллин даңғылындағы «Желтоқсандықтар» саябағында, «Маяк» көлінде, Сейфуллин атындағы саябақта, Саин көшесінде, Абай даңғылында, Шаляпин көшесінде, Әуезов ауданы әкімдігінің алдындағы скверде, Б. Момышұлы- Т. Рысқұлов көшесінен бастап, «Алғабас» шағын ауданында, Сосновый борда, Наурызбай әкімдігінің алдындағы скверде, Әшімов-Шаляпин көшелерінде өңдеу жұмыстары жүрді.

Залалсыздандыру жұмыстары 20-22 күн аралығында 4 кезеңде жүргізіледі:

- 1-кезең: ерте көктемнен бастап, бірінші кезекте өңдеу қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштері бойынша басталады (1 залалсыздандыру);

- 2-ші кезең: маусымның бірінші-үшінші онкүндігіне дейін (2 залалсыздандыру);

- 3-кезең: шілде айының екінші онкүндігінен шілде айының үшінші онкүндігіне дейін (3 залалсыздандыру);

- 4-ші кезең: тамыз айының бірінші онкүндігінен тамыздың екінші онкүндігіне дейін (4 залалсыздандыру).

Өңдеу жұмыстарын «ZaraGrant» ЖШС, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Professional» ЖШС, «UE-дезинфекция» ЖШС сияқты мердігер ұйымдар жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар