22:25, 30 Наурыз 2022 | GMT +5
Алматыда жауын-шашын салдарынан жол апаты болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолайсыз ауа райы салдарынан Алматы қаласының Шығыс айналма автомобиль жолында 10-нан астам автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көктайғақ, арақашықтықты сақтамау және жылдамдық режимін бұзудың соңы бірнеше жол-көлік апатына алып келді. Көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, қоршауды соқты. Одан кейін келе жатқан көлік иелері көктайғақ салдарынан тежеуішті басып үлгермеген. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қалалық полиция департаменті аталған фактінің мән-жайын анықтау үстінде.
«Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлік жүргізушілерінің бірінің жағдайын бақылап отыр. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ»», - дейді ведомстводан.