Алматыда жаяу адамды қағып өлтірген троллейбус жүргізушісіне сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген троллейбус жүргізушісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бостандық ауданының №2 сотында троллейбус жүргізушісі Щепин атты азаматқа қатысты іс қаралды. Оған жол ережесін бұзып, абайсызда кісі өлтіру айыбы тағылған.

Қылмыстық іс онлайн режимде қаралды. Сот процесі кезінде айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Мемлекеттік айыптаушы жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды өтінді.

Сот үкімімен Щепин ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 2,5 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді.

Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 877 704 теңге көлемінде материалдық өтемақы төлеуі тиіс. Ал моральдық зиян келтіргені үшін 3 млн теңге төленеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұл оқиға биылғы 5 ақпан күні болған. №12 бағыттағы троллейбус Сәтбаев көшесінің бойымен жолаушысыз автопаркке қарай бет алған. Жүргізуші Розыбакиев көшесіне жетпейтін тұста тұрған Lexus GS 300 және Honda Accord маркалы екі көлікті соққан.

«Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, есінен танып қалған. Сөйтіп көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктерін соғып, тротуарға шығып кеткен және жаяу адамды қаққан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, тасымалдаушы компания өкілдері, жедел жәрдем келді. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды. Марқұмның отбасына өтемақы төленеді», - деп түсіндірді «АлматыЭлектротранс» АҚ.


Соңғы жаңалықтар