Алматыда жаяу жүргінші жол апатында көз жұмды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 2 ақпан күні Рысқұлов көшесі бойында болған. Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығыс жақтан келе жатып, Лобачевский көшесі тұсында жаяу жүргінші жолағындағы адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
«Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеуге 345-баптың 3-бөлігі бойынша тіркеуге алынды», делінген ІІД хабарламасында.