Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оның өліміне себеп болған жүргізуші қолға түсті
АЛМАТЫ. Шілденің 26-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше түнде 21 жастағы "Айнабұлақ" шағынауданының тұрғыны Боралдай көшесімен төмен түсіп келе жатқанда, жолды кесіп өтпек болған азаматты қағып кеткен. Жол-көлік апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Оқыс оқиға салдарынан Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны сол мезетте қаза тапқан.
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алдымен «Мерседес» көлігі табылып, кейіннен жүргізушісі ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр», деді Алматы қаласының ІІД-нің жол полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Түсіпов.