Алматыда жаз айларында қураған тал-шіліктердің өртену қаупі арта түседі - ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өрт қаупі бар кезеңнің, суға шомылу маусымының басталуы және кіріктіре немесе жапсарлас салынған нысандар мәселесі бойынша баспасөз брифингі болып өтті.

«Өрт қаупі бар кезең басталып, ауа температурасы жоғарылаған сайын құрғақ шөптердің өртену оқиғалары да        жиілей түседі. Қураған шөптен шыққан өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге өтіп, адам өмірі мен табиғатқа орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, 2015 жылы өрт сөндірушілер құрғақ ағаштар мен шөптер және қоқыстардың өртенуі бойынша 1 542 рет тілсіз жаумен алысқан», - деді Алматы қалалық ТЖД  мемлекеттік өрт бақылауы бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Рүстем Ниязов. 

Одан басқа, мамандар департаменттің өрт қаупі бар маусымға дайын екендіктерін білдірді.
«Алматы қалалық ТЖД өртті алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеп қойды. Өткен мамыр айында тікұшақтардың көмегімен кең көлемді оқу-жаттығу өткізілген. Бұл тікұшақтар арқылы өртті көлденең бағытта да тік бағытта да сөндіре алады», - деді Р. Ниязов.

ТЖД мамандары Алматы аумағында құрғақ жапырақтарды өртеуге болмайтындығын тағы да ескертті.  

Егер де осындай деректер анықталып жаста, азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Заңдық тұлғаларға салынатын айыппұлдар бұдан да көп. 

Соңғы жаңалықтар