Алматыда жаздың соңына дейін бірнеше көше жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмысы кезінде жаздың соңына дейін бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, жылу желілерін қайта жаңартуға байланысты 8 маусымнан 30 тамызға дейін қаланың төрт ауданындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі.

Медеу ауданында Қажымұқан көшесімен (Госпитальная көшесінен Достық даңғылына дейін) өтетін жол жабылады,

Бостандық ауданында қозғалыс жүрісі Гагарин көшесімен (Ходжанов көшесінен Есқараев көшесіне дейін), Есқараев көшесімен (Гагарин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін) тоқтатылады.

Жетісу ауданында Райымбек даңғылының солтүстік жағымен (Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін), одан әрі Казаков көшесімен (Райымбек даңғылынан Бродский көшесіне дейін) жол жабылады.

Әуезов ауданында Кіші Саин көшесінің батыс жағына қарай (Ұлықбек пен Шаляпин көшелерінің арасы) жабылады.

Енгізілген шектеулер осы көше учаскелерінің жүріс бөлігімен өтетін құбырларды қайта құру жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

«Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схема бойынша жеткізіледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.


Соңғы жаңалықтар