Алматыда жедел басқарудың бірыңғай орталығы құрылады

АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда жедел басқарудың бірыңғай орталығы құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен жедел басқарудың бірыңғай орталығын құру мәселесі туралы өткен алқалы жиында жария етілді.

Алматыда жедел басқарудың бірыңғай орталығы құрылады

«Алматыда біздің барлық қызметтеріміздің күш-жігерін біріктіретін бір нөмірлі бірыңғай орталық құрудың мезгілі жетті. Тұрғындарға бірден экстренді көмек көрсету үшін полиция, медицина, өрт сөндіру қызметімен бірден байланысқа шығу қажет. Бұған қажет қаржыны  бөлетін боламыз»,-деді А. Есімов.  Жедел қызметке тиесілі қаржы мәселесін жан-жақты саралау үшін арнайы жұмыс тобын құрған шаһар басшысы, оған 1 ай ішінде сараптамалық жұмысты дайындап, бірыңғай орталық құрудың интеграциясы жөнінде ұсыныс беруді жүктеді.  А. Смағұлұлының сөзіне қарағанда, бұл шараларды жүзеге асыру үшін Европалық банктің несиелік комитеті 15 млн. еуроға дейін заем беретін болып келіскен. Аталған жобалар қала көлігінің  проблемаларын шешіп, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартатын болады. «Ақылды қала» жобасына бірыңғай кол-орталық, бағдаршамдар мен бақылау камералары орталығы, электронды табло, көшеге көлік қою мен көше жарығы жүйелері енген.

Қазіргі кезде Алматыда жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында жол қозғалысы ережесін бұзушыларды бірден анықтайтын бейнефиксациясының кешенді қондырғылары орнатылуда. Жыл аяғына дейін қазіргі заманғы 57 инновациялық қосындар жұмыс істейтін болады. Ал келер жылы бұлардың саны 107-ге дейін жетпек. Бейнекамералар ІІД-нің ғимаратында орналасқан жедел басқарудың бірыңғай орталығына лезде хабар жеткізеді.