Алматыда «жедел жәрдем» дәрігеріне шабуыл жасаған ер адам тұтқындалды
28 қарашада Алматы қаласы Наурызбай ауданының соты ҚР ҚР-нің 2-бөлімі 106 бабының 7-тармағында (Бұзақылықпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) көзделген ауыр қылмыс жасаған 38 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларына санкция беруі жөніндегі ішкі істер басқармасы тергеушісінің өтінішін қолдады.
Есекке сала кетейік, бұл қылмыс 26 қарашада таңғы сағат төрттің шамасында Наурызбай ауданындағы жеке секторда орын алды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен күдікті ұсталған бойда ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Ал 27 қарашада осы іс бойынша сот алдындағы тергеуді жүргізетін тергеуші ұсталған адамға қатысты тұтқындау түрінде бұлтартпвау шарасын таңдау туралы өтініш жасады.
Сондай-ақ тергеу алғашқы процессуальдық әрекеттерді жүргізгеннен кейін алдын ала сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс ауырырақ қылмыс - адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру түрінде қайта рәсімделді.