Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем бригадасы мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Жол апаты Солтүстік айналма жолы көшесінде Ялян базарының алдында болған.

Жедел жәрдем көлігі оңтүстікке қарай бағытталып келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, шұғыл шақыртуға байланысты дабылын қосып алып, қарама-қарсы жолаққа түскен. Оған сол қанатқа бағыт алған Митсубиши көлігі соғылды.

Әзірге аталған оқиғаға байланысты Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берген жоқ.