Алматыда жедел жәрдем шақырту едәуір азайды
«Жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны байқалады. Өтініштер мен шақырту саны соңғы айда 1-3 санат бойынша 2200-ден 1400-ге дейін және 4 жеделдік санаты бойынша 280-ден 170-ке дейін азайды. Вирус өршіген шақта біз мүлдем басқа көрсеткіштерді байқаған едік. Жедел жәрдем тәулігіне 8 000-ға дейін өтініш қабылдаса, әрбір екінші қоңыраудан соң бригада науқастың үйіне барды», - дейді Камалжан Надыров.
Сонымен қатар, ол қалаға қосымша 55 жедел жәрдем көлігі сатып алынатынын атап өтті.
«Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 180 бригада жұмылдырылған. Оның ішінде 365 дәрігер, 1 388 фельдшер бар. Осы тұрғыда жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін атап өткен жөн. Вирус өршіген шақта қызмет көрсету тәулігіне 500-ге дейін пациентті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі келіп түседі деп күтілып отыр»,– деді ол.