Алматыда жедел жәрдемге тәулігіне 2,5 мыңнан астам қоңырау шалынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2 500-ден астам қоңырау соғылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жедел жәрдемге тәулігіне 2,5 мыңнан астам қоңырау шалынады

«Өткен аптада бізде күніне 700-ден астам адамнан коронавирус табылды. Осы аптаның алғашқы күні - бүгіннің өзінде бізде 610 жағдай. Жедел жәрдемге түскен қоңыраудың ең көбі өткен аптада тіркелді, тәулігіне 2 500-ден астам шақыру болды, кешегі жағдай бойынша қоңырау саны - 1 900-ге жуық. Жедел жәрдем өзіне түскен ауыртпалықты жақсы еңсеріп жатыр. Сонымен қатар, емханалар күрделіліктің төртінші санатындағы қоңырауға қызмет көрсетеді, емханалар күніне 400-500 қоңырауға жауап береді», - деді ол.

Бұған дейін, Светлана Сұлтанғазиева Алматыда жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатқанын айтқан болатын.