Алматыда жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағандардың ісі ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Осыдан жарты жыл бұрын көрші ҚХР-нан халық тұтынатын тауарларды тасымалдайтын жеке кәсіпкердің үйіне бет-ауызын бүркемелеген қылмыскерлер баса-көктеп кіріп, бопсалау арқылы 200 мың АҚШ долларын, 4 ұялы телефоны мен жүйелі блогын алып кеткен болатын,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ-ның басапсөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қылмыскерлер әйелдің қолын байлап кеткендіктен ол тәртіп сақшыларына кеш хабарлсақан. Сондықтан бұл істің ізін суытпай ашу қиынға түсті. Дегенімен, қылмыс орын алған жерден өте маңызды айғақ табылды. Осы жақын күндері қылмыскерлердің 29 жасар Орал атты белсенді мүшесін құрықтадық. Ол біреудің мүлкіне қол сұққаны үшін бұрында істі болған ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылының тұрғыны болып шықты», дейді Алматы қаласы ІІБ, криминалды полиция басқармасы, қарақшылық шабуыл мен тонау бөлімінің бастығы Ильхам Юсупов .

Тергеу барысында Орал басқа да сыбайластарының өз жерлестері екендігін айтқан. Бірақта олардың тұрғылықты жерлерінен еш ақпар жоқ. Сонымен қатар ол өзінің үлесі үшін миллион теңге алғанын айтқан.

«Бұл азамат осы уақытқа дейін таныстарының жалдамалы пәтерінде жасырынып келген. Ұстау барысында ол қарсылық көрсетпек болды. Қазіргі уақытта оның сыбайластары жайында берген ақпарының қаншалықты рас екені анықталуда», деп атап өтті И. Юсупов.

Соңғы жаңалықтар