Алматыда жеке тұрғын үй отқа оранды - Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 пәтерлік жеке тұрғын үйді өрт шалды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.
«Бүгін күндіз 14 сағат 51 минутта Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаметінің «101» кезекші бөліміне Наурызбай ауданы, Құрамыс шағынауданының Сәтбаев 302/1 мекенжайында орналасқан, қаңқа-қамыстан салынған жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 15 сағат 03 минутта келіп жетті. Белгілі болғанындай, 5 пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатыры жанып жатты. Өрт 15 сағат 35 минутта ауыздықталып, 15 сағат 45 минутта сөндірілді. Өрт аумағы - 150 шаршы метрді құрады.
Зардап шеккендер жоқ», - деді С. Баймұханбетова.
Қазір уақытта оқиға орнында өрттің шығу себептері анықталып жатыр.