Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шығып, зейнеткер қаза тапты

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шығып, зейнеткер қаза тапты,

Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шығып, зейнеткер қаза тапты

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, кеше Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан жеке тұрғын үйден шыққан өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында 88 жастағы кейуананың денесі табылған.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 14 маманы мен 3 техникасының күшімен өшірілді.