Алматыда жеке тұрғын үйлердің бірінде ірі өрт болды
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Осы бейсенбіден жұмаға қараған түні Алматыдағы жеке тұрғын үйлердің бірі өрт құшағына оранып, 36 жастағы азамат қаза тапты. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, төтенше оқиға бүгін, таңғы сағат 05.21-де орын алған. «Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13 маман мен 2 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау 35 шаршы метр аумақты шарпыған. "36 жастағы азаматты құтқару мүмкін болмады, оның денесі оқиға орнынан табылды", - делінген баспасөз хабарламасында.