Алматыда жекеменшік кәсіпкердің көпқабатты бірнеше ғимараттан тұратын бүтін бір кешені жанып кетті - ТЖМ

АНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен сенбі күні Алматыда жекеменшік кәсіпкерлердің бірінің көпқабатты бірнеше ғимараттан тұратын бүтін бір кешені жанып кетті.

Алматыда жекеменшік кәсіпкердің көпқабатты бірнеше ғимараттан тұратын бүтін бір кешені жанып кетті - ТЖМ

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Жароков көшесінде орналасқан «Клебанов» ЖК-да түнгі сағат 23.43-те шыққан өрт, екі сағаттың ішінде кешеннің 2 және 3 қабатты ғимараттарын толығымен шарпыды.

Тілсіз жаумен күреске Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымдардың 52 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды. Жалын 31 қазан күні таңертеңгі сағат 6 шамасында ауыздықталды. Оның шарпыған жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылардың мәліметінше, төтенше оқиға салдарынан 19 жасар жұмысшы күйік жарақаттарын алды.

Қазір өрттің шығу себептері мен шығындары анықталуда.