Алматыда жекеменшік клубтар мен алаңдарда спорттық жарыстар өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Әуезов ауданындағы жекеменшік клубтар мен алаңдарда түрлі спорттық шаралар өтіп жатыр.
Мәселен, жастар арасында «Медине», «Еңбек», «Ice Party» спорт кешендерінде футболдан, «Ақ барыс» кешенінде футбол мен роликпен жүгіруден және ардагерлер арасында жаттығудан жарыстар өтіп жатыр. Сондай-ақ «Каравелла» спорт кешенінде жастар бокстан, ал ардагерлер жаттығудан және «Мединеде» үстел теннисінен өзара сайыс өткізуде.
Оны Әуезов ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шаралар «ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстанда дене шынықтыруды дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында өтуде. Мақсат - салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болмақ.