10:39, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Алматыда жекеменшік тұрғын үйде газ баллоны жарылды, құрбандар мен зардап шеккендер бар
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда газ баллонының жарылуынан жекеменшік тұрғын үй қирады, зейнеткер көз жұмып, 3 адам ажал аузынан құтқарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жұма, 7 желтоқсан күні Алматының Шығыс таңы шағынауданында Биянху көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде ауа-газ қоспасы (50 литрлік газ баллоны) жарылды, өрт болмағанымен, тұрғын үй жартылай қирады.
4 адам үйінділердің астында қалып қойды, олардың 3-еуін көршілер уақытылы құтқарып алды (жағдайлары қалыпты, ауруханаға жатудан бас тартты).
ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметі (14 адам мен 3 техника) қалалық құтқару қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп (3 адам мен 1 техника) үйінділердің астынан 85 жастағы ер адамның мәйітін алып шықты.