Алматыда жемқорлық деректері аз ЖОО белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ең жемқорлық жайлаған ЖОО туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ал екі университет Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлық пен мемлекет қызмет істері бойынша департаменттің оң бағасын алған.

«Сыбайлас жемқорлық деректері аз кездесетін Нархоз университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті екендігі анықталды. Екі университетте атқарылған шараларды көрдім. Екеуінде де барлық жұмыстар автоматтандырылған, алқалық органдарға тапсырылған. ҚазҰУ-да жатақханадағы орындарды бөлуден бастап халықаралық оқу бағдарламасына қатысуға дейінгі процестер автоматтандырылған. Емтихандар бейнебақылау камераларының түсіруімен өтеді. Емтиханды дәріс оқыған адам емес, басқа оқытушылар алады. Студенттердің жауаптарында есімдері құпия сақталады», - деді Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде департамент басшысы Айгүл Байханова.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің хабарлауынша, көбінесе пара беру деректері Каспий университетінде тіркелген.

Ал қалада жемқорлық жайлаған органдардың қатарында Ішкі істер департаменті, кеденшілер, экономикалық тексеру қызметі бар.

Соңғы жаңалықтар