Алматыда жемқорлыққа қарсы форум өтті

    АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Жемқорлыққа қарсы жұмыста батылдық пен табандылық айқын көрсетілуде, заң бұзушыларға атқаратын қызметіне немесе жағдайына қарамастан қатал жаза қолданылуда.
None
None

     Бұл жайында Алматыдағы Алмалы ауданның әкімі Марат Пірінбеков жемқорлыққа қарсы форумда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сондай-ақ мемлекеттiк аппарат жұмысының сапасы және бақылау - қадағалау жұмыстары  күшейтілгендігін жеткізді. Аймақтық партиялық филиалдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттер мен партиялық бақылау комиссиясы бойынша қоғамдық кеңестер құрылған.  «Осы жылы аудан бойынша қыруар шаруа атқарылды. Жылдың басында мемлекеттiк органдардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумдарға қол қойылды. Бұл індетті тек қана бiрігіп күрескенде жеңе аламыз», дейді М. Пірінбеков.

         Шара аясында бірқатар ұйым басшылары жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға байланысты өз ойларын білдіріп, баяндамалар жасады.

Соңғы жаңалықтар