Алматыда «жеңгетайдың» тұтқынынан 16 жастағы қыз босатылды
Жезөкшеліктің кезекті құрбаны болған, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылының тұрғыны, 16 жастағы Анастасия жеңгетай әйелдің қолына жеңіл ақша іздеймін деп шырмауына түскен.
«Аталмыш қыз туралы ақпарат жедел арналар арқылы келіп түсті. Біз алдымен сырттай тексеру жүргізіп, арнайы құрықтау операциясын құрдық. Қызды «Дорожник» ықшам ауданындағы үйлердің бірінде күштеп ұстап, еркінен тыс ақылы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп келген. Ол бір айға жуық құлдықта болды. Тексеру барысында оған күш көрсетіліп келгендігі анықталды. Бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 28 жастағы әйел құқықбұзушылықтың ұйымдастырушысы болып шықты және бұған дейін өзі жезөкшелікпен айналысқандығы белгілі болды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- деді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Таңат Назанов.