Алматыда «жеңгетайлықпен» айналысқан экс-полиция полковнигі сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «жеңгетайлықпен» айналысқан полицияның бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы аталған соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда «жеңгетайлықпен» айналысқан экс-полиция полковнигі сотталды

«Сотта жауапкердің полиция қызметкері бола тұра танысы мен бірге інісінің жеке үйін пайдаланып, жезөкшелік қызмет түрін ұйымдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, ол танысына жыныстық қызмет көрсететін қыздарды жеткізу үшін жеке көлік тауып берген», делінген хабарламада.

Сот үкімімен жауапкер ҚР ҚК 235, 271-баптары бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.