Алматыда жеңіл атлетикадан «Алтын күз» атты қала чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда жеңілатлетикалық кросс бойынша «Алтын күз» атты қала чемпионаты өтеді.

Алматыда жеңіл атлетикадан «Алтын күз» атты қала чемпионаты өтеді

Акция Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экномикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Универсиада-2017-ні насихаттау аясында өткізілуде.

4 қараша күні өтетін жеңілатлетикалық кросқа жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, аты әлемге әйгілі Әмин Тұяқов және Олимпиада ойындарына Қазақстаннан бірінші болып барған Евгений Кодяйкин қатысады.

Ұйымдастырушысы - қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы.