Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда спорттық жүріс, ұзақ қашықтыққа жүгіру бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Аталған біріншілікке еліміздің беткеұстар спортшылары қатысады деп күтілуде.

Жарыс 26-27 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, былтыр аталған жарыс бойынша 250 жеңіл атлет өзара мықтыны анықтаған.