Алматыда жеңіл атлетикадан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде

Орталық стадионда өтіп жатқан аталмыш спорт шарасына барлығы 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар жеңіл атлетиканың барлық түрінен бақ сынасады.
«Қазір қыздар мен ерлер арасында 100 метрден финалдық жарыс өтті. Жас та болса Ұлттық құрама команданың мүшесі Виктория Зябкина 100 метр қашықтықты 11,44 секундта жүгіріп өтіп, өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ертең соңғы күн. Бұл жерде спортшылар алдында соншалықты бір өте жоғары нәтиже көрсету міндеті тұрған жоқ. Бұл жарысты өз алдына бір байқау деуге де болады. Яғни, осы чемпионатта спортшылар өздерінің нағыз баптарына жақындай түсулері тиіс. Ал Азия ойындарында бар мүмкіндіктерін көрсетеді деген сенімдемін. Өйткені 19 бен 21 жас аралығындағы жастар арасында Ұлттық құрама командада өнер көрсететіндер аз емес. Мысалы, Марина Зайко, Виктория Зябкина, Светлана Иванчуков, Әмірсерік Бекенов, Ирина Михина және Юлия Рахманованы айтуға болады. Олар біздің болашағымыз», - деді жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Вячеслав Сокирко.
Бүгін сонымен қатар, ересектер арасында да ҚР Кубогы өтуде. Мамандардың айтуынша бұл әсіресе жастар үшін үлкен тәжірибе. Әрі екі жарысты қатар өткізу қаржы үнемдеуге де септігін тигізеді.