Алматыда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, 7 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ««Mercedes» жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды. Бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, 7 адам зардап шекті
Photo: t.me/kris_p_almaty_official

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін түскі сағат 12:20-да болды. 36 жастағы «Mercedes» көлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен жоғары қарай жүріп келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылған кезде рульді басқара алма, аялдамаға соғылған. «Салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісін Алмалы ауданының қызметкерлері тіркеп, өндіріске қабылданды», - деп хабарлады полициядын.