Алматыда жеңіл көлік бағанға соғылып, жанып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылында түнде көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жеңіл көлік бағанға соғылып, жанып кетті

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 10 маусым күні сағат 03:05 шамасында әл-Фараби даңғылында болған.

«Шығыс бағытта келе жатқан BMW көлігі жарнама бағанына соғылып, артынша отқа оранды. Оқиға салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алды. Ол - медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы, Олжас Шәріпов.