Алматыда жеңіл көлік газ құбырын жұлып кете жаздады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік газ құбырын жұлып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Жол-көлік оқиғасы шығыс айналма жолында болды.
Daewoo Matiz көлігі жүргізушісінің сөзінше, ол шығыс айналма жолы бойымен солтүстікке бет алып бара жатқан және Верненская көшесінен бұрылмақ болған. Осы сәтте Daewoo Matiz-ге Saab маркілі көлігі келіп соғылды. Daewoo Matiz-бен соқтығысқан соң ол жол шетіне шығып кетіп, ағашқы құлатады және ары қарай газ құбырының тірегі мен жеке тұрғын үйдің қоршауына келіп соғылады.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Saab көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. Сол сәтте көлік жолдың бір шетіне қарай сырғи жөнелген.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1 адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Matiz көлігінің жүргізушісі ауруханадан бас тартты.



