Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, 1 адам қаза тапты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты бүгін түскі сағат 12:00 шамасында Абай саяжайындағы Наурызбай аумағында болды.
«ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Карьерная көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Нәтижиесінде КамАЗ көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-211440 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды»,- деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚРҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді.