Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл көлік автобусқа барып соқтығысты. Көлік жүргізуші оқиға орнында ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жол апаты бүгін таңертең Рысқұлов және Школьная көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Полиция департаментінің хабарлауынша, BMW маркалы көлік автопарктен шығып келе жатқан автобусқа барып соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.






Соңғы жаңалықтар