Алматыда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнде жеңіл және жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Алматыда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

Жол апаты Тәттібеков көшесінде болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автомобиль солтүстік бағытта тұрақта тұрған Hyunday жүк көлігіне соқтығысты. Hyunday қатты соққыдан айналып, инерция бойынша ағашқа соғылған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк тасымалдауға арналған көліктің кабинасындағы жолаушы зардап шекті.

Кейін анықталғандай, жеңіл көліктің жүргізушісі қатты мас болған.

null null null