Алматыда жеңілдетілген айлық жол жүру билеті 1 наурыздан бастап енгізіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының бесінші шақырылымындағы мәслихатының 50-ші сессиясында депутаттар қала әкімдігінің қоғамдық көліктер бойынша жеңілдетілген айлық жол жүру билетін енгізу туралы шешімін қолдады.
Сонымен, мектеп жасындағы балалардың бір айлық жол жүру билеті - 1000 теңге, зейнеткерлер үшін - 2000 теңге тұратын болды.
Көп балалы аналарға 50 пайыз жеңілдік беріледі (2000 теңге). Ал, 1-2 топтағы мүгедектер және Ұлы Отан соғысының ардагерлері тегін жүретін болады.
Жеңілдетілген бір айлық жол жүру билеті 1 наурыздан бастап енгізіледі.