Алматыда Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматының барлық аудандарында Ұлы Жеңіс күні құрметіне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.
None
None

Басты шара таңғы 10.00-де 28 қаһарман панфиловшылардың Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір сәт үнсіздікпен еске алу қою рәсімінен басталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ардагерлерді құттықтады. Аталған паркте арнайы концерттік шара ұйымдастырылып, әскери-дала асханасы жайылған. 28 қаһарман панфиловшылар саябағындағы шара кешкі 20.00-де Астана алаңында жеңіс күніне арналған мерекелік концертке ұласады. Оған Алматы қаласы әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысады. Ал 22.00-де Астана алаңы мен «Сайран» көлі жағалауы мен Көктөбеден мерекелік отшашу шашылады.

Қазіргі кезде Алматыда 1913 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 21 721 еңбек майданының ардагерлері тұрады. Биылғы жылы ҰОС ардагерлеріне 30 мың теңгелік көмек беріп тұру үшін 57 миллион 390 мың теңге бөлінген. Ал, еңбек ардагерлерінің зейнетақысына ай сайын 1512 теңге қосымша қалалық жәрдемақы беріліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар