Алматыда Жеңістің 64 жылдығына арналған турнир өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы / - Бүгін Алматыда бильярдтың «Пирамида» түрі бойынша Жеңістің 64 жылдығына арналған ардагерлер арасындағы турнир басталды,

Алматыда Жеңістің 64 жылдығына  арналған турнир өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бильярд спорты федерациясына сілтеме жасап. Турнирге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен Қазақстан, КСРО спортының ардагерлері қатысуда. Турнир ертең мәреге жетіп, жеңімпаздар марапатталады.Бүгін Алматыда бұнымен қатар «Түркісіб аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің бақылау кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс күніне арналған турнир өткізуде.